22
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ төрағасы Құран жаттау орталығы қыздар бөлімінің алғашқы кірпішін қалады (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы Құран жаттау орталығы қыздар бөлімінің алғашқы кірпішін қалады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістан облысына ресми сапары Кентау қаласында жалғасын тапты. Бас мүфти алдымен «Балаби қари» Құран жаттау орталығының оқу базасымен танысты. 

Мұнда 80 ұл мен қыз қарилыққа оқып жатыр. Ғимарат заман талабына сай жабдықталған, намазханасы, жатын орыны барлығы бір ғимарат ішінде орналасқан, оқушылардың денсаулығы дәрігердің бақылауында. Бас мүфтиге білім ошағының тыныс-тіршілігін орталық директоры Арман Қуанышбаев баяндап берді. 

Қазір бас корпус жанынан қыздарға арналған оқу ғимараты бой көтеріп жатыр. Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа нысанның алғашқы кірпішін өз қолымен қалады. Арман Қуанышбаев пен демеушілерге ризашылығын білдіріп, жас шәкірттерге ақ батасын берді. 

«Құран жаттау оңай шаруа емес. Ыждағаттылық пен ықылас болса, 5 жылда қари атануға болады. Құран жаттауда табандылық қажет. Елге және дінге пайдалы білім алуларыңызға тілектеспін» деді Бас мүфти.

Бөлісу: