27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«ИМАН» журналының №10 саны жарық көрді

«ИМАН» журналының №10 саны жарық көрді

Ел іші
Жарнама

1 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Иман» журналының қазан айындағы №10 саны «Бас мүфти мінбері» айдарындағы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Жамандыққа бұйырушы сыншыл нәпсі» атты көлемді мақаласымен ашылды.

Одан кейін «Пәтуа» айдарынан «Тұрғын үйден зекет беру», «Қысқа қайырғанда» айдарынан «Ахмет Байтұрсынұлы», «Әл-Фараби – 1150» айдарында «Мүйіз саудасы», «Ұлағат» айдарынан «Берекелі дирхәм», «Зерде» айдарынан «Сүрелердің реттілігі», «Даналық» айдарынан «Имам Әбу Ханифаның өсиеті», «Білгім келеді» айдарынан «Кәусар» сүресінің құпиясы», «Түсіндірме» айдарынан «Хадис пен сүннетті дұрыс ұғыну және түсіндіру», «Балаларға базарлық» айдарынан «Нар тұлғалы Әли (р.а.)», «Уағыз» айдарынан «Үш күннен артық ренжіме!», «Абай – 175» айдарынан «Ұлы ақын және ежелгі түркі әдебиеті», «Әдеп» айдарынан «Кешірімділікті қалай үйренуге болады?», «Тарихи тұлға» айдарынан «Бейбарыс сұлтан», «Зікір» айдарынан «Диуани хикмет», «Сұрақ-жауап» айдарынан «Түсінде қайтыс болған адамды көрсе...» танымдық мақалаларды оқи аласыздар.

Басылымда бұдан өзге тартымды да тағылымы мол «Саудада табысқа жеткіңіз келсе...», «Диоген айтыпты», «Әке-шеше қылықтарының балаға әсері», «Ұрыс-керіс денсаулыққа зиян», «Алланы сүй», «Намаздың 8 пайдасы» сынды материалдар жарияланған.

Бөлісу: