10
Жұма,
Мамыр

һижри

Халал Даму: «Ясмин» шұжығы сертификат жаңартты

Халал Даму: «Ясмин» шұжығы сертификат жаңартты

Ел іші
Жарнама

1 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ірі шұжық цехтардың бірі – «Ясмин» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты.

Бас мүфтидің кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уәжитұлы «Ясмин» кәсіпорнына «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Елорда тұрғындарына «Мяском», «Столичные деликатесы», «Алсем», «Баракат» т.б сауда белгілермен танылған «Ясмин» шұжық цехын бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Еркетаң Айдынқызы мен Арайгүл Бақытқызы орындады.

Сертификат жаңарту барысында «Ясминнің» дайын шұжық өнімдері мен тағамдық қоспалары тағы да кезекті лабораториялық тексерістен өткізілді. Зертхана нәтижесі – оң.

yasmin1

yasmin2

Бөлісу: