29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» ұжымы жеңімпаз қызметкерін қарсы алды (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» ұжымы жеңімпаз қызметкерін қарсы алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

12 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Осыдан бірнеше күн бұрын Елорда өкілдігі атынан Ақтау қаласында өткен IV Республикалық азаншылар жарысына аттанған Ерлан Базарбайұлы сын сапардан жүлделі оралды.

«Әдемі әуезді азаншы» жарысының бас жүлдесін қанжығалаған үздік азаншыны «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған ұжым арнайы қарсы алып, жеңімпазға лайық сый-сияпат көрсетті.

Қазақы дәстүрімізге орай жүлделі оралған Ерлан Базарбайұлына ұжым атынан шапан жабылып, құттықтау лебіздерін білдірді. Бас имам Ерболат Жүсіпов: «Бұл жеңіс – тек сенің ғана жетістігің емес, Нұр-Сұлтан өкілдігінің абырой, мақтанышы», – деп шынайы бағасын беріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Битенов Ерлан Базарбайұлы 2016 жылдан бері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы болып қызмет атқарып келеді. 2010 жылы «Шымкент медресесінде» имамдық қызметтен басталған еңбек жолы Алматы облысындағы «Яссауи» оқу орталығында ұстаздықпен жалғасып, бүгінгі таңға дейін шәкірттер тәрбиелеу жұмысына көп еңбек сіңірген. Сондай-ақ, 2009-2011 жылдары «Отырар» университетінде Құран курсын тәмамдап, қари атағына қол жеткізген.

ushaq1

ushaq1

ushaq1

ushaq1

Бөлісу: