22
Жұма,
Қараша

һижри

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ақтау сапарына шолу (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ақтау сапарына шолу (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

12 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары кезінде Ақтау қалалық мешітінің алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Игі шараға арнайы келген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы естелік жазылған капсуланы қалады. Облыс орталығының 39-шағынауданынан бой көтеретін жаңа мешіт өңірден шыққан танымал дін қайраткері, ағартушы-ұстаз Ержан Төлегенұлының атымен аталмақ.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қазақтың жерінің тұтастығы, дінінің кең таралуы, елінің жарқын келешегі үшін тер төгіп, жан берген 30 қайраткердің есімін мешіттерге беру бастамасы қолға алынған болатын.

Осы мақсатта таяуда Алаш идеясының алтын бесігі, асыл өзегі Семейдегі бір мешітке Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілсе, енді міне маңғаз дала Маңғыстаудың орталығында Ержан Төлегенұлы атындағы мешіт бой көтермек.

aqtau1

aqtau2

aqtau3

Сонымен бірге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары барысында өңір имамдарының қатысуымен өткен семинарға қатысты.

Бас мүфти имамдарға дін қызметкерінің қазіргі таңдағы имиджіне баса мән беру керектігін ерекше атап өтті.

«Имамдық қызметке күн өткен сайын жауапкершілік те, талап та күшейді. Мешіт имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айнасы. Сондықтан киім кию және сөйлеу этикасына мән беру керек. Жұмыс тәртібіне қатысты айтарым, үнемі әрекет етіп, үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керек. Қандай ресурс болса, оқырман санын соншалықты көбейткен жөн. Имам ешқашан өтірік айтпайтын, ешкімді алдамайтын, сенімді адам болуы тиіс» деді Бас мүфти.

Сонымен бірге Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарды жамағатпен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға үндеді. Ал Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов өңірдегі діни ахуал туралы баяндап, пандемия кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралардың қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде есеп берді.

aqtau1 0

aqtau1 0

aqtau1 0

aqtau1 0

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «әулиелер еліне» жасаған сапарында «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасына пәтер сыйлау рәсіміне қатысты.

Қаланың жаңа шағынауданындағы екі бөлмелі қос пәтер көпбалалы отбасыларға бұйырды. Ақтаулық Снежана Базарқұлова үй кезегінде 2001 жылдан бері тұрса, алты баланың анасы Ақсұлу Алмасбаева осы кезге дейін пәтер жалдап жүрген екен.

Қайырымдылық акциясының 280 және 281-баспана кілтін қос отбасыға Бас мүфтидің өзі тапсырып, жаңа қонысқа тұрмыстық техникалар тарту етті.

«Жаңа қоныстарыңызға бір Алладан құт-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыздан елін, жерін құрметтейтін, ата-анасы, ағайын-тумасына қамқор болатын ақылды, иманды перзенттер өсіп-өне берсін! Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай!» деп Бас мүфти батасын берді.

aqtau2 0

aqtau2 0

aqtau2 0

aqtau2 0

aqtau2 0

Бөлісу: