29
Жұма,
Наурыз

һижри

30 отбасына көмек көрсетілді

30 отбасына көмек көрсетілді

Ел іші
Жарнама

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Тәуелсіздік күніне орай 30 отбасына азық-түлік таратты.

Тәуелсіздік – ата-балаларымыздың неше ғасырлық арманы, Алла Тағаланың халқымызға берген зор нығметі. Барша алаш баласының асыл құндылығы. Сондықтан да бұл күнге жеткізген Аллаға шүкіршілік білдіріп, жан-жағымызға қамқорлық таныту мақсатында мешіттің ұйымдастыруымен ірі қайырымдылық шарасы өтті.

Шара мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруында, жомарт жанды демеуші азаматтардың қолдауымен өткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік үлестірілді. Ел қамын ойлап игі іске қолдау білдірген демеуші азаматтарымызға алғыс айтамыз.

gilmani1

gilmani2

Бөлісу: