19
Жұма,
Сәуір

һижри

Елорда мешіттері арасында қысқы марафон өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Елорда мешіттері арасында қысқы марафон өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елорда төрінде мешіт шәкірттері мен жамағатының қатысуымен тұңғыш қысқы марафон болып өтті. Ұлық мереке құрметіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырымыз» қысқы марафонына Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты қаладағы 12 мешіттің шәкірттері мен жамағатынан құралған 12 команда қатысты.

Айта кетейік, әрбір команда құрамы марафон талаптарына сәйкес 12-17 жас, 18-25 жас, 26-35 жас, 36-45 жас аралығындағы және 45-тен асқан жамағаттан жасақталып және міндетті түрде бір діни қызметкер қатысуы тиіс болған. Бірнеше шақырымға созылған қысқы марафон жолын қатысушылар еркін еңсеріп, салауатты өмір салтын жақсы ұстанатынын байқатты.

Марафон мәресінде сөз алған елорда имамдары жүгіру – Ардақты Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар ұстанған сүннет амал екенін айтып, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрақтың қадірі асқақтаған шараның Тәуелсіздік мерекесіне жасалған игі қадам екендігі де сөзсіз болды.

Командалық есеп нәтижесінде «Тәуелсіздік – тұғырымыз» қысқы марафоның кубогы «әл-Ғани» мешітінің командасына бұйырды. Келесі жеңіс сатысын «Ғылмани» мешітінің «Қыран» тобы иеленсе, «Ырыскелді қажы» мешітінің «Сарыарқа» командасы ІІІ орынға ие болды. Жүлдегер команданың әрбір мүшесіне арнайы медаль табысталып, Нұр-Сұлтан өкілдігінің дипломымен марапатталды. Сондай-ақ қатысушылардың барлығына Нұр-Сұлтан қаласы бас имамының алғыс хаты табысталды.

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

marafon1

Бөлісу: