29
Жұма,
Наурыз

һижри

Министр халал мәселесін талқылады

Министр халал мәселесін талқылады

Ел іші
Жарнама

30 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы облысына жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен бірге тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, аккредиттеу субъектілері және бизнес қауымдастықпен кездесті.

Жиынға қатысқан ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Елбасы тапсырмасы бойынша «Жол картасы» бағдарламасында көрсетілген отандық ауылшаруашылық өнімдерін халал таңбасымен шет елдерге тасымалдау мәселесіне байланысты пікір білдірді.

Сондай-ақ «Халал Даму» мекемесін Ұлтттық аккредиттеу орталығы мен халықаралық ESMA ұйымнан аккредиттеуден өткізу, ҚМДБ-ны аккредиттеу жұмысына бейтарап тарап ретінде қатыстыру, сауда орындарында «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталмаған өнімдерді таза, адал өнімдермен қатар сату шараларын жүйелендіру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Atameken Business City қызметі туралы баяндады.

Өңірдегі маңызды бизнес бастамалардың жүзеге асырылу барысы мен адами капиталды дамыту саласындағы жобалармен таныстырды. Кәсіпорындар жанынан ашылған оқу орталықтарының жұмысы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жаңа кәсіп игерген мамандар санының көрсеткіші, кәсіби-техникалық білім беру саласына сараптама жасалынды.

ministr1

ministr1

ministr1

ministr1

ministr1

Бөлісу: