21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тараз шаһарында мешіт жанынан 2 бірдей қызметтік үйдің ашылуы өтті

Тараз шаһарында мешіт жанынан 2 бірдей қызметтік үйдің ашылуы өтті

Ел іші
Жарнама

Айтулы іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Амантай Садиев, мешіт имамдары Амангелді  Ембергенов пен Талғат Сматов, сондай-ақ асақалдар мен үйдің бой көтеруіне атсалысқан азаматтар, дін қызметкерлері қатысты.

Имам Алла үйінің жанында тұрса, жамағатпен кездесу, тілдесу жеңілдей түссе деген мақсатта дайындалған шаңырақ мешітке қызметке келетін жас отбасылар үшін ыңғайлы, жылы, 2 бөлмелі етіп салынды. Қос баспана ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында жомарт жандардың қолдауымен сыйға берілді.

Аталған ғимараттың лентасын облыс имамы мен мешіт ақсақалы қиып, үйді аралап, ислам дінінің қуаты, берекесі үшін дұға жасады. 

dc8ca2c0-e8d1-4799-88dd-5d0c850e226d.jpg

eb37157c-4489-4f25-b62b-83d9ad1c1fca.jpg

Бөлісу: