21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты

Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты

Ел іші
Жарнама

Бүгін ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің өңірдегі жауапты өкілдерінің қатысуымен онлайн жиын өтті.

Жиын барысында Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен 7 бағыт есебі тыңдалған жиын туралы мәлімет берді.

Бөлім меңгерушісі діни оңалту жұмысы Бас мүфтидің жіті қадағалауында екенін ескертіп, діни оңалту жұмысына жауапты қызметкерлерге жоспар құрып, сол бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізу керектігін тапсырды. Сондай-ақ жиын барысында оңалту жұмысында кездесетін түйткілдер ортаға салынып, талқыланды. Өз кезегінде өңірдегі жауапты өкілдері сұрақ қойып, ұсыныс жасады.

Діни өңалту бөлімінің маманы Нұрбек Рахманқұлұлы қаңтар айының жұмыс нәтижесі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жұмыс барысында ескерілуі тиіс мәселелерге тоқталды.

76e3df16-c6d9-46e0-9d33-5f47c09de8e8.jpg

4a404985-b9a8-4d27-8741-c3a871670e2c.jpgcb8b02ee-8fef-49ac-abfe-376791ce343e.jpg

Бөлісу: