ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен Павлодар облысында «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, облыстағы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Бұл туралы облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Республикалық «Жылулық сыйла» акциясы аясында Павлодар облысы бойынша 76 тонна көмір алынып, 40 тоннасы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне берілсе, 36 тонна көмір, 7 текше метр ағаш отыны мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Сонымен қатар балаларға арналған 80 қысқы аяқ киім, 13 қысқы куртка және азық-түлік пакеттерімен қоса 128 отбасына жеткізілді», – деді.