20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас имамдар семинары басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласының бас имамдарына арналған 20 күндік семинар басталды. Бұл туралы Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинардың ашылуына рәсімінде ҚМДБ шариғат, пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы бұл шараның имамдарға тигізер пайдасының мол екендігін айтты. Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы өз сөзінде: «Мешітке келушілердің басым бөлігі жастар болғандықтан, бұл семинарда имамдарымыз оларды жат ағым жетегінен арашалау жолдары мен олардың алдын алу барысын талқыға салатын болады» деді.

Жиырма күнге жалғасатын семинарда имамдар қасиетті Құраннан жаттаған сүрелерді қайталап, фиқһ негіздері мен қағидаларынан сабақтар алатын болады. Шара соңында арнайы сертификаттар табыс етіледі.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: