24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алты балалы ана Елбасыға алғыс айтып, хат жолдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Жиырма бес жасында алты баланы дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанған астаналық Айгүл Пірманова баспанаға қол жеткізіп, Елбасына шексіз алғысын білдіріп хат жолдады. Бұл жайында Ақорданың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасы жария етті.

«Үшем босанып, алты баламен барарға есік таппай қиналып жүргенімде бізді қуанышқа бөлегеніңіз үшін ризамын Сізге» деген Айгүл ел президентіне арнайы жолдаған хатының жауапсыз қалмағанын айтады. Көпбалалы ана ендігі уақытта балаларының елін-жерін сүйер, Отанына қалтқысыз адал қызмет қылар азамат қылып өсіруге Елбасына уәде етіп, ендігі қиыншылықтарға еш мойымайтындығын жеткізді. «Балаларымды қазағым – елім, Қазақстаным – жерім деп, көк туды көтеріп, кеудесін биік ұстар асыл азамат етіп тәрбиелеуге уәде беремін» деген Айгүл жаңа баспанасына Н.Назарбаевты қонаққа да шақырды.

«Сіздей ел басқарар басшы тұрғанда халық санын әрі қарай көбейтуге атсалысамыз. Қазағым көбейіп, Елбасымыз ұзақ жасасын» деп А.Пірманова тілегін түйіндеді.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: