24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фаттах» мешіті ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында «Әл-Фаттах» атындағы зәулім мешіт ашылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша  өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, оңтүстік өңірдің өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы және елімізге белгілі бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиылған қауымды жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. «Шағалалы Шардара өңірі дін мен дәстүрдің берік сақталған қасиетті мекені. Осындай өлкеде мешіттердің көптеп ашылуы үлкен жетістік. Мешіт тек ғибадат орны болып қоймай, елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет етуге тиіс» деген бас мүфти «Әл-Фаттах» мешітінің имамы Серикбай Шыныбековке қасиетті Құран Кәрімді сыйлады.

Жаңа мешітте бас мүфти жамағатпен бірге сәлем намазын оқыды. Айта кетсек, құлшылық ордасының үлкен залы  400  адамға арналған. Мешіт ғимаратында имам бөлмесі, қабылдау бөлмелері, жеке әйелдер бөлмесі және діни сауат ашу курстарын жүргізетін арнайы дәрісханалары да бар.


ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: