19
Жұма,
Сәуір

һижри

Вице-министр: ҚМБД өз қызметі тарихында тың бастама көтеріп отыр

Ел іші
Жарнама

Зайырлы мемлекет үшін дінді ұстанатын-ұстанбайтынына қарамай, әрбір азаматтың орны ерекше. Өйткені Ата Заңымызда айшықталғандай мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ал, діндар қауым, соның ішінде мұсылман адам да зайырлы мемлекеттің толыққанды белсенді, зиялы азаматы бола алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияда Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.

Вице-министр аталмыш конференцияның маңызына тоқталып, Діни басқарманың жұмысы туралы ойымен бөлісті.

«Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз тарихында тың бастама көтеріп, «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференция ұйымдастырып отыр. Зайырлылық тақырыбын талдап түсіндіруге Діни басқарма тарапынан назар аударылуы, ел мұсылмандарын ұйыстыра білген осынау қара шаңырақтың тек діни қызмет аясымен шектеліп қалмай, өз отанының ұжданды азаматтары ретінде, қоғам өміріндегі мәні зор мәселеге үлес қосып отырғанының айғағы» деді вице-министр.

Сонымен бірге, М.Әзілханов адам құқығын қастерлеу, қоғам мүшелерінің діни, саяси ұстанымдарына мәмілегерлік таныту, басшыға және заңға бағыну, білім алу, адал еңбек ету, отанды сүйу секілді зайырлылық қағидаттарымен үйлесетін Ислам дініндегі ұстанымдарға да тоқталды.

Вице-министр Діни басқарма қолға алып отырған өзге де оң бастамаларға назар аударды. Мүфтияттың тұжырымдамалық құжаттар қабылдау, уағыз-насихат жүргізу және білім беру саласындағы табыстарын тізбеледі.

Діни басқарманың алдағы мерзімге арналған тарихи тұғырнама жасау, Орта Азия мұсылмандық мектебін жаңғырту, «қазіргі заманның үздік 500 зиялы имамы» жобасын жүзеге асыру қатарлы шараларынан да халық үлкен рухани серпін күтетінін жеткізді. 

Muftyat.kz

Бөлісу: