29
Жұма,
Наурыз

һижри

Республикалық конференция Үндеуі қабылданды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Біз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Ислам мен зайырлы қоғамның өзара үйлесімділігін арттыру идеясын қолдаймыз.

Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата діні – Исламды саналы түрде жүрек қалауымен қабылдады.

Байтақ даланың тұрғындары рухани негіздерін Исламнан тауып, діннің адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды байыта түстік.

Еліміз дербестігін алып, Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап Ислам діні дамып, халық арасында кеңінен тарады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен еліміздің әр аймағынан мешіттер мен медреселер бой көтеріп, тұңғыш рет дін кадрларын даярлайтын «Нұр-Мүбәрак» университеті салынды.

Қазіргі қоғамның талабына сай білімді, діни салада тәжірибесі мол имамдар корпусы қалыптасты.     

Біз, бүгінгі конференция делегаттары, мемлекетіміздің дін саласына жасап жатқан қамқорлығы мен дінаралық татулықты нығайтудағы бастамаларын құптаймыз. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы зайырлылық қағидаларын, білім мен ғылым және ұлт тарихын жан-жақты игере отырып, насихаттау идеясына қолдау білдіреміз.

Конференцияның негізгі мақсатына айналған зайырлы қоғамдағы мемлекет пен дін арасындағы өзара байланыстың орнын айқындап, дін ұстанушы азаматтарды патриотизмге тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, қоғамда жалпы адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау – әрбір азаматтың міндеті деп санаймыз. 

Біз, конференцияға қатысушылар барша мұсылман үмметін, Ислам ғалымдарын, қоғамдық сарапшыларды, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнатуға, террористік әрекеттерге тосқауыл болуға, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтардың насихатталуына, тарихи дінімізді келесі ұрпаққа дұрыс жеткізуге, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртуға белсенді үлес қосуға шақырамыз.

Еліміздегі зиялы қауым өкілдерін, тарихшы-ғалымдарды, қоғамдық әрі діни сарапшыларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялаған идеясын жан-жақты жүзеге асыруға, тағылымға толы тарихымызды жалпы халық арасында насихаттауға шақырып, Үндеу жолдаймыз.  

Конференцияға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, облыстардың Бас имамдары, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері (РАНТ), Жергілікті ақпараттық-насихат тобының жетекшілері, ҚМДБ Сарапшылар Кеңесінің мүшелері, мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар, т.б. қатысты. 

Астана қаласы 24 ақпан 2016 жыл

Бөлісу: