29
Жұма,
Наурыз

һижри

Шәкірттер профессор дәрісін тыңдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты мақсат-талабының бірі  медресе шәкірттерінің шешендік өнерді меңгеріп, көркем сөйлеу өнерін үйренуі екені көпке мәлім. Бүгін осы мақсатта Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаев елордадағы «Нұр Астана медресесі» шәкірттеріне арнайы тренинг өтті.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы шәкірттерге Алматыдан келген қонақты таныстырып, шешендік өнердің маңыздылығына тоқталды. 

Профессор дәрісінде шәкірттерге аудиторияны меңгеру, оған әсер ету тәсілдері, уағыз айтуда мән беретін мәселелер, тіл мәдениетін қалыптастыру, сөз өнерінің артықшылықтары жайында қызықты мәліметтер бөлісті.

Тренинг теориямен шектелмей, практикалық жаттығуларға жалғасып, соңында шәкірттер сұрақтарына жауап алып, профессорға алғыстарын жеткізді. Медресе директорының орынбасары Марат Бектазинов дәріс болашақта жалғаса беретінін жеткізді.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: