25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Мәуліт мерекесіне орай бәйге жарияланды

Ел іші
Жарнама

Тақырып: «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА »

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесіне орай Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды. БАС ЖҮЛДЕ – ҚАЖЫЛЫҚ.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны пайғамбарымыз Мұхаммедтің өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;

2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;

3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;

4. Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;

Бейнероликті This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.

Сайт: Muftyat.kz

Телефон: 8 727 397 63 97, 8 727 397 64 84, 8 778 881 33 33

Бөлісу: