23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Министр: «Нұр-Мүбарак» университетіне артар үміт мол (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Республкиасы Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Нұр-Мүбарак» университетінде арнайы жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Оқу кешенінің жалпы құрылымымен танысқан министрге проректор, профессор Шамшәдин Керім университеттің тарихын қысқаша баяндап өтті.

Н. Ермекбаев әуелі университет басшылығымен және ұстаздар құрамымен кездесіп, оқу орнының барлық жағдайымен, студенттердің оқу бағдарламасын, сондай-ақ болашақ жоспарлар жайын да жан-жақты талқылады.

Ректор, профессор Жуда Басюни Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің еліміздегі дін саласын реттеуші басты институт екенін айтып, аса жауапты қызметті арқалаған министр Нұрлан Байұзақұлына сәттілік тіледі. Ал, министр өз кезегінде "Нұр-Мүбарак" университетінің діни білім берудегі маңыздылығына тоқталып, зайырлы бағытты ұстанған республикадағы жалпы діни ахуалдың, бағыт-бағдардың стратегиялық маңызды тұстарын жеткізді.

– Ең әуелі еліміздегі басқару реформаларындағы өзгерістерге сай, "Нұр-Мүбарак" университеті Қамқорлар Кеңесінің құрамында, Тең төрағалықта өзгерістер болады. Бұл жөнінде біз Египет Араб Республикасындағы әріптестерімізге арнайы хабар береміз. Болашақта университетке бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының артуына мүдделілік танытамыз. Сіздер еліміздегі деструктивті діни ағымдармен  күресте білікті мамандар даярлап жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім тұжырымдамасын да жүзеге асыруда бұл университеттің орны ерекше. Осы университетте жақында ғана ашылған «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» жұмысы назарымызда. Біз өз елімізде дәстүрлі ислам негіздерін дамыту арқылы оның қазақстандық моделін қалыптастыруымыз керек. Себебі, елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстар, сан түрлі діни-сенім иелері шоғырланғандықтан олардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл тұрғыда зайырлы бағытты ұстану басты жолымыз, - деді министр.

dinministr4

dinministr5

dinministr6

dinministr7

dinministr8

dinministr1

dinministr9ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: