19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астанада діни оңалту орталығы ашылады

Ел іші
Жарнама

Таяу уақытта Астана қаласында радикалды діни ағымға ерген азаматтарға, олардың туыстары мен жақындарына арналған оңалту орталығы ашылуы мүмкін. Қала мәслихатының кезекті сессия отырысында Астана әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есін осылай деп мәлімдеді, деп жазады E-Islam.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, мекеме мамандары жыл сайын бас қаладағы діни ахуалға талдау жүргізеді. Осы мақсатта Дін ахуалын зерттеу орталығы да жұмыс істейді. Сондай-ақ, Астанада жат ағым идеологиясына уланған азаматтармен қатар осы бап бойынша сотталған тұлғаларға да оңалтау орталығының көмегі қажет. «Қазіргі уақытта дәстүрлі емес діни ағымды насихаттағаны үшін сотталғандар тізімі, сондай-ақ, олардың бостандыққа шыққандары да бар. Бірақ, бұл санаттағы азаматтардың кейінгі жағдайын бақылайтын, қадағалауға ұстайтын, психологиялық және басқа да көмек көрсететін жүйе әзірге жоқ. Мұндай қолдауды олардың отбасы, туған-туыстары да қатты қажет етеді. Оңалту орталықтары арқылы біз аталмыш азаматтарға көмектесіп қана қоймай, одан кейінгі жағдайларды да қадағалай аламыз» деп атап өтті Данияр Есін.

Ведомство басшысы бұл жұмыстарға жергілікті имамдар да жұмылдырылатынын жеткізді. Имамдар біліктіліктерін арттыру үшін арнайы курстардан өткізіледі. Мамандардың пікірінше, бұл имамдарға теологиялық пікірталас өрбітуге мүмкіндік береді. Радикалды бағытқа ерген азаматтардың санасында толық зерделенбеген діни мәліметтер сақталады. Біліктілік арттыру курстарында дін қызметкерлері жаңылыс басқан жандардың дәстүрлі дінге бет бұруына дәлел-дәйектермен ықпал жасауды және және психологиялық әсер етуді меңгереді әрі шешендік шеберліктерін шыңдайды.

Мәслихат депутаттары өз кезегінде бұл істе теологтар мен дін мамандарын көптеп тартуды ұсынды. Дін істері басқармасының басшысы Д.Есін дін мамандардың көмегі қашанда маңыздылығын, алайда білікті кадрлардың аз екенінн атап кетті. Айта кетсек, бүгінгі күнде дін саласы өте маңызды мамандық қатарына шыққан. Осыған байланысты өткен жылы жоғары оқу орындарында дінтану мамандықтарына білім гранттары саны көбейтілді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: