19
Жұма,
Сәуір

һижри

Көкшетауда Құран көрмесі өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Биылғы ҚМДБ бастамасымен өтіп жатқан «Дін және тарих тағылымы» жылына орай Науан хазрет мешітінде Құран көрмесі өтті.

Мешіттің жастар ісі бөлімі мен «әйелдер-қыздар» секторының өкілдері шариғат жайлы сыр шертетін діни кітаптардың тарихына да жан-жақты тоқталып,  мол мағұлматтар берді. Мұнда Шам елдерінен әкелінген көлемі үлкен Құран кітабы көпшіліктің назарын аударды.

Сонымен қатар, әйгілі ғұлама Ибн Синадан бастау алатын діни медициналық құралдар да көрме қонақтарын бей-жай қалдырмады. Ал, ескіден келе жатқан, тарихы бір ғасырды құрайтын жайнамаздың иесі жайлы білгісі келген жамағат бұл көрмеден көп ақпарат алды.

Айта кетсек, алдағы уақытта мұндай көрмелерді жергілікті аудандарда да өткізу көзделіп отыр.

Kokwe2

Kokwe3

Kokwe4

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: