24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы конференцияға қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен «Үйлену – сүннет, отбасын қорғау – міндет» атты аймақтық конференцияға қатысты.

Конференция жұмысына қала басшылары мен ауыл әкімдері, сондай-ақ Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамы Нұрлан Ефратұлы мен ауыл мешітнің имамдары қатысып, тақырып төңірегінде баяндама жасады. Қатысушылар отанымыздың айнымас бөлшегі саналатын отбасы беріктігі жайында өзара ой-пікір алмасты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы сапар аясында Павлодар қаласындағы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі студенттерімен кездесті. Кездесуде теріс ағымдар жайында студенттерге маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар, Павлодар медресесінде дін білімін шыңдаушы шәкірттермен жүздескен Қ.Ерғалиұлы ислам құндылықтары тақырыбында уағыз айтты. Кездесу соңында медресе шәкірттері көкейде жүрген  сауалдарына білікті имамнан тұщымды жауап алды.

Abp2

Abp3

Abp4

Abp5

Abp6

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: