20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Дін басшылары кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Дін басшылары кездесу кезінде тәуелсіздік жылдарында еліміздің діни саласында атқарылған игі істер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, дінаралық татулық, халықтардың бірлігі, әлемдегі діни ахуал туралы ой бөлісіп, дәстүрлі діндерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен қамқорлық шараларын атап өтті.

«Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп: халықтың бірлігі, жастардың тәрбиесін жақсарту, лаңкестік әрекеттерге жол бермеу, жастарды нашақорлықтан, араққұмарлықтан, т.б. жаман әрекеттерден құтқару. Отбасы құндылығын насихаттау – басты назарымызда болу керек» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Dinbasi1

Dinbasi2

Dinbasi4

Dinbasi5

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: