02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти «әл-Азһар» университетінде оқып келген имамдарды қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетінде білімін жетілдіріп келген имамдармен кездесті.

Кездесуде бас мүфти бүгінгі заман имамдарына қойылып отырған талаптар мен міндеттер жайлы баяндады. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы сөз қозғады.

«Қазір барлық мүмкіндікті пайдаланып, дін қызметкерінің білімі мен тәжірибесін арттыруға күш салып жатырмыз. Осы бағытта 2016 жылы 204 семинар өткіздік. Білім жетілдіруге арналған дәріске 2 968 имам-молда қатысты. Сонымен қатар, діни кадрларымызды Мысырдың «әл-Азһар» университетінде, Түркияның «Хасеки» академиясында оқытып жатырмыз. Қазір сол шетелдік оқу орындарында тәжірибесін шыңдап, білімін арттырып келген түлектердің алғашқы легі қызметтерін жалғастыруда» деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ төрағасы сөз еткендей, бүгінгі дін қызметкері заманның ағысынан, уақыттың талабынан әсте қалыс қалмауы тиіс. Имам үнемі өзін дамытып, жетілдіріп, діни һәм зайырлы біліммен сусындап отыруы қажет.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының «әл-Азһар» университеті арасындағы келісімге орай, қазақстандық имамдардың білімін жетілдіру мақсатында жыл сайын 2 айлық оқу гранты бөлініп келеді. Оқу грантын Мысыр тарапы береді. Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында қызмет етіп жүрген 5 имам өткен жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында «әл-Азһар» университетінде арнайы курсты тәмамдап, сертификат алды.

Alaz2

Alaz3

Alaz4

Alaz5

Alaz6 ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: