03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қазақ-Түрік лицейінде кездесу өтті

Ел іші
Жарнама

«Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов Астана қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінің 10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде бүгінгі  қоғамда өзекті болған жастар арасындағы суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау мәселесі көтерілді. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сапашұлы мектеп оқушыларына «Суицид – тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында насихат айтты. Бас имам оқушыларға денсаулық пен өмір Алла Тағаланың аманаты екенін ескертіп, мұндай әрекеттерге бой алдырмауды жеткізді. «Өмірдің кез келген сынақты сәттеріне сабыр қылып, Алла Тағаладан қайырлысын сұрап дұға ету – ең тиімді жол. Сондықтан, сіздер өздеріңізге лайықты кезеңде білім алуды басты ұстаным етіп, осы жолдағы қиыншылықтарды ерік-жігермен, біліммен жеңулеріңіз керек» деді бас имам А.Сәлімов.

Кездесу соңында оқушылар өздерін ойландырған сауалдарға тұщымды жауап алды.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: