16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Атырауда жаңа мешіттің іргетасы қаланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Жуырда Атырау қаласындағы көне мешіттің бірі – «Құспан молда» мешіті ғимаратының ескіруіне және сыйымдылығының тар болуына байланысты сүріліп, оның аумағы жаңа мешіт құрылысына әзірленген. 21 сәуір күні көптен күткен жаңа мешіттің іргетасы құйылды, деп хабарлайды  «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған атыраулық жамағат осындай қуанышты күнді атап өтті. Игі іс құрметіне құрбандыққа мал шалынып, өкіл имам Құран оқып, Алла тағаладан дұға тіледі.

«Осындай ашық аспан астында, ел аман, жұрт тынышта Алла Тағаланың аманаты, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болған дін Исламды еркін насихаттап, мешіт көтеруді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкір айтамыз. Лайым амандық болып, Ислам діні қанатын жая бергей!» деді өкіл имам Б.Берденұлы.

Құрбандық рәсімі бітісімен, құрылысшылар іргетас құю ісіне кірісіп, жиылған жамағат садақа асынан дәм ауыз тиді.

Алла Тағала мешіт құрылысының берекелі болуын нәсіп еткей!

Atirau2

Atirau3

Atirau4

Atirau5

Atirau6

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: