29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Қажыларға арналған дайындық курстары басталады

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ-ның Астана қалалық өкілдігінің тапсырмасы аясында «Әлжан ана» мешітінің медресе ғимаратында қажылық парызын өтеуші жандардың құлшылығын артыра түсуге себепші болу мақсатында дайындық дәрістері басталатынын хабарлаймыз.

Аталған дайындық дәрістерінде, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов, Әділхан Серікбай және «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сәлимов, «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов қатарлы имамдар мұсылман қауымының қасиетті парызы – қажылық жайында, оның парыз болу шарттарын, қажылықта атқарылар рәсімдер туралы баяндайтын болады. Сондай-ақ, сауапты сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды һәм қажылықтың қалай өтелуі жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіреді.

 

ac752ef2 b86a 483c b438 59483f2998a1

Құрметті, астаналық жамағат, сауапты сапарға аттанғалы отырған қажылар, мағлұматы мол пайдалы дәрістерден қапы қалмаңыздар!

Қосымша мәліметтер үшін байланыс телефондары: 8 778 212 11 61; 8 702 529 99 09

 

ummet.kz

 

 

 

Бөлісу: