25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бурабай кентінде жаңа мешіт салынады

Ел іші
Жарнама

Ақмола облысы Бурабай кентінің тұрғындары намазды уақытша қойылған күртеде оқуға мәжбүр. Үш ай бұрын Бурабай курорттық аймағындағы мешіт өртенген болатын. Содан бері, жергілікті мұсылман азаматтары жаңа ғимараттың құрылысын күтіп жүр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бурабай кентіндегі 100 адамға арналған мешіт ғимараты үш ай бұрын өртенді. Мамандардың айтуынша, өртке себеп – ғимараттың ескіруі мен электр сымдарының ақауы. Мешіттің тозығы жеткен еді, ол сонау 1957 жылы салыныпты. «Тілсіз жау сол күні аймақтағы діндес бауырларға үлкен соққы болып тиді. Қазіргі күні исламға келушілердің саны көп, қатарында жастар да аз емес. Бәріміз жаңа мешіттің соғылуын асыға күтіп жүрміз»  дейді Қабдеш Шуленбаев есімді жергілікті тұрғын.      

12e1cf46 5c93 4f1b 99a2 1cd20fef0f57

Әзірге Бурабай кентіндегі мұсылман қауымы жамағатпен жұма намазын оқу үшін уақытша шатыр орнатқан. Әрине, бұл – мәселенің шешімі емес.

Жергілікті билік, осы сұрақтың күн тәртібінде тұрғанын алға тартты. Бірақ нақты кесімді жауап айту қиын дейді. Жаңа мешіт демеушілердің қаражаты мен садақа арқылы тұрғызылады. «Бүгінгі таңда 150 орындық мешіт құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Бұл бастаманы қолға алған демеушілер бар. ЖСҚ дайын болғанда мешіт құрылысы басталады. Бұл сұрақ облыс әкімінің құзырында қаралып жатыр» дейді Бурабай кентінің әкімі Шыңғыс Темірбеков. Ал, жергілікті дінбасылар барша мұсылманды сабыр етуге шақырып жатыр. Қазіргі уақытта құрылысқа қажет қааржыны жинақтау мақсатында банк шоты ашылған. Кез келген жанашыр адам жаңа мешіттің бой көтеруіне үлес қоса алады.

ummet.kz

Бөлісу: