20
Сенбі,
Сәуір

һижри

"Иман" журналы бәйге жариялады

Ел іші
Жарнама
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы «Иман» журналы “Қайырымдылыққа қалай қарайсың?” тақырыбында ғибраттық-танымдық шағын әңгімелерге шығармашылық бәйге жариялайды.

Жаһандану заманында адамдардың бір-біріне деген қадір-құрметі кеміп, мейірімі азайған кезде қайырымдылықтың алар орны ерекше. Қайырымдылық халқымыздың қанында болғандықтан оны қашанда қастерлі санап, ұрпағын ізгілік пен бауырмалдыққа баулыған.

Әдебиет – ардың ісі. Тіл мен әдебиет ұлттың руханиятын байытуға қызмет етуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сөзде сиқыр бар», – деп сөз өнерін ерекше бағалаған. Кезінде Би ағаң (Бейімбет Майлин) секілді шағын әңгіме жазудың шебері өз заманының шындық-болмысын көркемсөзбен төгілте суреттеген. Бүгінгі күннің көпке ой салар, үлгі етер ғибратты шындығы да қолына қалам ұстағандардың әңгіме желісіне арқау болып жатса құба-құп. Мақсат – ұлтымыздың табиғатындағы осы игі қасиетті оқырман жүрегіне жеткізу арқылы оның өріс алуына атсалысу. Осы бәйгенің талабы да мұсылман өміріндегі ең құнды, ардақ тұтар ізгілік пен қайырымдылық шығарма өзегіне айналуы тиіс.

Бәйгеге жіберілетін әңгімелер көлемі – 3-4 беттен (компьютермен терілген, 14-қаріп (Times New Roman) аспауы тиіс. Бізге жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған (әлеуметтік желілерде де) және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.электронды поштамызға жолдай аласыздар.Шығармалар 2017 жылдың қазан айының 1-не дейін қабылданады.

Бәйге жүлделері:
Бірінші  орын – умра қажылығы;
Екінші  орын  150 000 теңге;
Үшінші  орын  100 000 теңге;
Ынталандыру  сыйлықтары – 50 000 теңгеден үшеу.
Бөлісу: