23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти: берілген уәдеге сай қызмет көрсетілсін

Ел іші
Жарнама

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты арнайы басқосу өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Алқалы жиынға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов, сонымен қатар, мүфтияттың шешімімен қызмет көрсетуге қабілетті деп танылған компания басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Ержан қажы Малғажыұлы қажылық фирмалары жетекшілеріне қызмет сапасына аса мән беруді тапсырды.

«Қажылық маусымы кезеңінде елімізден аттанған қажыларымызға оларға берген уәделеріңіз бойынша қызмет көрсетілуі шарт. Арнайы дайындалған қажылық пакеттеріне (эконом, стандарт) сай қызмет көрсетіңіздер», – деп атап өтті Бас мүфти.

Сондай-ақ, аталған басқосуда қажылардың жол қауіпсіздігі, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, уағыз айту, қажылық парыздары, әдептері мен шарттарын түсіндіру, т.б. мәселелер сөз болды. ҚМДБ төрағасы осы мәселелер бойынша Қажылық бөлімі мен қажылық компания жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Photo 1502086854 81178Photo 1502086834 15380Photo 1502086841 86648Photo 1502086844 65820Photo 1502086850 77031Photo 1502086852 85780Photo 1502086828 49563Photo 1502086830 18518

Бөлісу: