19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, еліміздің барлық өлкелерінде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Аталмыш игі шарадан Елорда мешіттері де тыс қалмады. Астана Өкілдігінің тапсырмасы аясында бас шаһардағы басты мешіттерде акция өз жалғасын табуда. Осындай қайырымдалық акциялардың бірі бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өткізілді.

21122914 1924880821111230 1462164571 o 640x372

Үрдіске айналған қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және жалғыз басты аналардың бүлдіршіндері сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларға материалдық қолдау көрсетілді.

IMG 8595 640x460

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіннің Бас имамы Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді алда келе жатқан Құрбан айт мерекесі және Білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов қатысып, білім және қайырымдылықтың исламдағы ерекшеліктері жайлы уағыз-насихат айтты.

IMG 8565 640x575

Акция барысында Сарыарқа ауданында тұратын 110 оқушыға тиісті оқу құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкесі және әр оқушыға 5000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды. Осылайша, Арқа төсіндегі ажарлы мешітте жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.

ummet.kz

Бөлісу: