22
Жұма,
Қараша

һижри

60 жастағы отандасымыз Мекке шахарына велосипедпен жетті

Ел іші
Жарнама

Оңтүстік Қазақстан облысының алпыс жастағы тұрғыны Тожали Акрамов қажылық сапарға кәдімгі велосипедпен аттанды деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz сайты. Болашақ қажы алдымен велосипед арқылы Самарқанға, кейін Тәжікстанға жеткен.

"Сол жерде сәл демалып алған жолаушы Акрамов өзінің қасиетті Мекке қаласына қиындықсыз жетуіне өте сенімді еді", - деп жазады портал. Жақындары оның алыс сапарға велосипедпен баруына қанша қарсы шықса да, ол алған бетінен қайтпаған деседі. Тожали Акрамов қажылыққа осы тәсілмен бару үшін бір жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізіпті, дәрігерлік тексерістен де алдын-ала өткен. Оның велосипедінде арнайы бейне камера мен су салуға арналған шағын жәшік қана орналасқан. Тожалидың жақын туыстарының айтуынша жолаушы ендігі алты күннің ішінде қасиетті шахарға жеткенге ұқсайды. Және оның жағдайы жақсы, денсаулығы бірқалыпты екендігі хабарланды. Өзінің көптен күткен арманына қол жеткізген болашақ қажы Меккеде барша қазақстандықтар үшін дұға жасайтынын айтыпты. Алла Тағала ол кісінің барлық дұға-тілектерін қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!

ummet.kz

 

 

 

 

Бөлісу: