22
Жұма,
Қараша

һижри

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ардагерлердің рөлі зор

Ел іші
Жарнама

Бүгін Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ардагерлердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Жат ағымдарға қарсы жиынға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Орталық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры Айдар Абуов, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин және діни бірлестік өкілдері мен елордалық ардагерлер қатысты.  

ardager (10)       

ardager (16)

–Ислам адамзат тарихында ізгіліктің бастауы болғаны анық. Бірақ теріс пиғылды мүдделер дінді саясаттың құралы етіп алып, мақсаттарын жүзеге асырғысы келеді. Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айыруға тырысады. Халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ел ынтымағынан, бірлігінен айырғысы келетіні белгілі. Біз, дін қызметкерлері Исламды терроризммен байланыстырғысы келетіндердің әрекетін қатаң айыптаймыз. Жаратушы Иеміз «Ағраф» сүресінде: «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» деп ескертеді. Бірлік пен діни татулықты нығайту – әрбір азаматтың асыл борышы деп санаймыз. Президентіміз айтқандай, экстремизм мен терроризмнің болашағы жоқ. Біз, баршамыз бірігіп әрекет еткенде ғана терроризмнің тамырына балта шаба аламыз, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы. Оның айтуынша, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің мәні зор. «Ақсақалдар жастарға туған жерін, елінің тарихын, салт-дәстүрін санасына бала кезден сіңіру қажет. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына, дініне қиянат жасамайды» дейді наиб мүфти.

ardager (2)

     Ал, ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры Айдар Абуовтың мәлімдеуінше, бүгінде еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту бойынша Қазақстанда ресми тірлкеліп, заң жүзінде қызмет етіп жатқан 18 конфессияның 3693 діни бірлестігі бар. Соған қарамастан, елімізде басқа да посткеңестік мемлекеттекідей өзекті діни мәселелер жоқ емес. Оларға теріс діни бағыттар мен жат идеологияның таралуы, дін ұстанатын кейбір тұрғындардың радикалдығы, негізінде дәстүрлі емес бағыт «сәләфизмнің» өкілдері, бұрыс түсініктегі топтардың шетелге шығып, қаруланған қақтығыстарға қатысуы, зайырлы қоғамның кейбір қағидаларынан түбегейлі бас тартып, көпшіліктен оқшаулану жатады.  

–Осыған сәйкес ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі зайырлы құндылықтар мен деструктивті топтарға нөлдік төзімділік принципі негізінде дін мен мемлекеттің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін қалыптастыру мақсатында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың модернизациялануын жалғастырып жатыр, - деген ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры Айдар Абуов жиналғандарды осы бағытта атқарылған іс-шаралар легімен таныстырып шықты.

Орталық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев жастардың басты проблемасы – гаджеттер дегенге сенімді. Ақсақал қатарластарына балалар мен немерелерді көгілдір экранның алдынан тұрғызып, көңілдерін интернеттен бұрып, қазақтың небір майталман тұлғаларын насихаттауды, тарихты құлақтарына құйып өсіру міндет дейді.

ardager (7)

ardager (5)

ardager (17)

 

ardager (12)

ardager (6)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: