18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Елорда іргесінде жаңа мешіт бой көтерді

Ел іші
Жарнама

Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында тағы бір жаңа мешіт бой көтерді. Ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелткен айтулы оқиға қуанбаған адам жоқ. Елді имандылыққа ұйытатын Алланың үйінінің осылай алыстан мен мұндалап тұрғаны қандай жақсы. Бір айта кетерлігі, бұл мешітті Түркия елінде тұратын қандасымыз Ибраһим Мұтұлы өз қаражатына салғызған екен.

 

WhatsApp Image 2017 10 08 at 12.40.39Өзінің айтуынша, тәуелсіздік алғалы шеттегі ағайындар бар жақсылығын туған жұртына тасыды ғой. Осыны пайдаланып Ибраһим Мұтұлы рухани қазына мешіт салуға ниеттенген екен.

Қасиетті жұма күні бүл әсем де, еңселі мешіт салтанатты жағдайда ашылды. Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев, ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Бекбосынұлы, мешіт салушы Ибраһим Мұтұлы және ел ақсақалдары атынан Амангелді Құсайынов сөз сөйледі. Өз сөзінде қандас бауырымыз мешіт жанына медресе салсам деген мақсаты бар екенін де жеткізді.

Одан жамағатқа ҚМДБ-ның өкілі Камалжан Бекбосынұлы уағыз айтса, облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит жұма намазын өткізді. Ас та беріліп, жиналған қауымға дастархан жайылды. Целиноград ауданының бас имамы Әбілхан Балтаұлы мұндай мешіттердің аудан аумағында көптеп салынып жатқанын тілге тиек етті. Алда мұндай қуаныштар жалғасады деп сенеміз. Лайым солай болғай!

ummet.kz

Бөлісу: