29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алматыда Халал өнімдер жәрмеңкесі өтеді

Ел іші
Жарнама

27-28 қазанда Алматы қаласында 2017 жылғы «Халал өнімдер жәрмеңкесі» өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі  ұйымдастыратын кезекті жәрмеңкеде «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған 50-ге жуық кәсіпорын тауарлары халық назарына ұсынылады. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар мен азық-түлік тағамдары таныстырылады. Сонымен бірге, жәрмеңкеден биологиялық белсенді қоспаларды да табуға болады.

Халал өнімдер жәрмеңкесі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Пушкин көшесі, 16 мекенжайындағы Орталық мешіт алаңында өтеді.  

Естеріңізге салсақ, бұл жәрмеңке алғаш рет былтыр ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

ummet.kz

Бөлісу: