29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қазақстанда шариғат нормасына сай төлем картасы шықты

Ел іші
Жарнама

Елбасының бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының стратегиялық даму бағыттарының бірі – исламдық қаржыландыру. Елімізде ислам банкингінің, банктік емес қызметтер мен ислам қор нарығының  дамуы ерекше орынға ие.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебіне сәйкес, 45,6% респондент (олардың ішінде 33% мұсылман емес) исламдық қаржы ұйымдарының қызметін тұтынғысы келетінін айтты: 28% респондент ипотека арқылы тұрғын үй алуға,  11% автонесиеге және 11% шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қызығушылық танытты.

Бұл ретте, отандық исламдық қаржы нарығындағы исламдық қаржы ұйымдары тек корпоративті секторға ғана қызмет көрсетеді. Осыған байланысты,  лизинг нарығында 17 жылдан аса тәжірибесі бар «Аль Сакр Финанс» АҚ (бұдан әрі – Компания) исламдық қаржыландырудың алуан түрлі қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы компаниясына айналып келеді. 

Шариғат кеңесі ретінде исламдық қаржыландыру бойынша 12 мемлекетте консультация жүргізетін жетекші халықаралық ұйым  Shariyah Review Bureau  (Бахрейн) таңдалды. Компания бүгінгі таңда жаңа қаржы өнімдерін әзірлеп, Шариғат  нормаларына сай келетін төлем картасын ұсынды.  Төлем карталары Компания мен «Астана Банкі» АҚ бірлескен өнімі болып табылады. 

image001 1

Карталардың негізгі ерекшелігі – олардың толықтай Шариғат қағидалары мен нормаларына сай келуінде.

Атап айтсақ:

– шоттағы қалдыққа сыйақы есептелмейді;

– картадағы қалдық соманы банк-эмитент пайыздық табыс қалыптастыруға қолданбайды;

– Шариғат қағидаларына қайшы келетін тауарлар мен қызметтер бойынша транзакцияларға шектеулер қойылған;

– картаға онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі бар;

– әрбір сатылымнан 1,5% дейінгі cashback мөлшері;

– тегін жеткізу;

– мультивалюттілік: қаржыны  KZT, USD, EUR, RUB, GBP сақтау;

– қаражатты толықтыру мен алу үшін комиссияның жоқтығы;

– дүниежүзі бойынша төлеу мүмкіндігі;

 – 1 000 аса серіктестіктен жеңілдік;

– мобильді банкинг және т.б.

Алдын ала тапсырысты www.goislamic.kz сайты арқылы іске асыруға болады. Картаны қолға жеткізу үстіміздегі жылдың қараша айынан бастап орындалады.

http://kazislam.kz

Бөлісу: