25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ: «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі ашылды

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі ашылды. Оған «Жастар ісі» мен «Әйел-қыздар» секторы және «Хикмет» студиясы қосылды, деп хабарлайды muftyat.kz

 

«Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі қызметіне Алтынбек Ұтысханұлы тағайындалды. «Жастар ісі» секторына Әділет Көпенов жетекшілік етсе, «Әйел-қыздар» секторының жұмысын Ақбөпе Тілегенова үйлестіреді. Ал Ерболат Сапаров, Құлмақан Салыбеков, Қайсар Тұрлыбеков және Білімбек Солтанмұрат «Хикмет» студиясының жұмысын жүргізбек. Сәнжан Тоғым «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне қабылданды. 

«Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі өз қызметі аясында еліміз бойынша айтылатын уағыз-насихат жұмыстарын үйлестіріп, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жастар, әйел-қыздар арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, жат ағымның арбауына іліккен азаматтарға жеке түсіндіру шараларын жүзеге асырады, қоғамдық маңызы бар тақырыптар бойынша аудио, бейне роликтер шығарады.

«Хикмет» студиясының ҚМДБ қарамағына өтуі ағарту, діни сауаттандыру жұмыстарына, ҚМДБ деңгейінде атқарылатын үйлестіру іс-шараларына серпін бермек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жаңа дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

ummet.kz

Бөлісу: