29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти бәйге жеңімпазына Ұмра қажылығын табыстады

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналы 2017 жылдың 1-шілдесі мен 1-қазаны аралығында «Сіз қайырымдысыз ба?» атты  ғибратты шағын әңгімелерге байқау жариялаған болатын. 3 ай аралығында редакция қоржынына 180 материал келіп түсті. Әсіресе соңғы он күндікте авторларымыздың белсенділігі күшейді. Комиссия мүшелері әрбір шағын әңгімені мұқият сараптап, жүлдегерлерді анықтады.

22780173 927278774094490 5591152858950534817 n

Бірінші орынға лайық деп танылған «Қайырымдылық етсең өзіңе» атты әңгіме авторы Қарлығаш Сарыбайға Ұмра қажылығын ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы салтанатты жағдайда табыстады.

Кіші қажылыққа демеушілік жасаған «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры  Қасым Қасебеков бәйге жайлы  көзқарасын  былайша білдірді:

– Авторларымыздың белсенділігіне аса риза болдым. Комиссия мүшесі болғандықтан, бізге іріктеліп берілген барлық әңгімені  бастан-аяқ оқып шықтым. Әңгімелердің желісіне беріліп кеткенім соншалық, арасында бірнеге рет көз жасымды да сығып алдым.  Шыны керек, бізге бірінші орынды анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен, басқа да комиссия мүшелерімен ақылдаса отырып, әділетті шешім шығардық деп ойлаймын.

Жүлдегерлер қатары төмендегідей:

  1. Сарыбай Қарлығаш - Ұмра қажылығы
  2. Төребаева Ирина –150 (жүз елу) мың теңге;
  3. Хуанбай Аскерхан – 100 (жүз) мың теңге;

Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

  1. Әсел Болатқызы 50 (елу) мың теңге;
  2. Жусупова Салтанат 50 (елу) мың теңге;
  3. Зерде Қадырбекқызы –50 (елу) мың теңге

22730115 927240007431700 3841935061134731718 n

22852015 927239960765038 7862595042079422014 n

ummet.kz

Бөлісу: