29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы оңтүстік өңірде уағыз жүргізді

Ел іші
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің оңтүстік өңіріне жасаған сапарының аясында Шымкент орталық мешітінде "Әйел - Алланың аманаты" тақырыбында жұма уағызын жүргізді. 

ec51be24 ccac 474e bff0 14935d7ad6c9

ҚМДБ-ның бекіткен кестесіне  сәйкес, бүгін еліміздің барлық мешіттерінде осы тақырып аясында жұма уағызы айтылған болатын. Жалпы, Ислам дінінде әйелдің мәртебесі асқақ. Бұл туралы қасиетті Құрандағы бүтіндей бір "Ниса" сүресі "әйелдер сүресі" деп аталады. 

Наиб мүфти уағыз барысында: "Әйел дегенде ана еске түседі. Асыл дініміз әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Мұсылмандардың ең жақсысы әрі ең абзалы - әйеліне ең жақсы мәміледе, пайдалы болғаны.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсысы, ең қайырымдысы болған менмін" деп өсиет еткен еді. Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға шақырған. Ешбір құқын шектемеген. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашан да оның орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығымен ұштастыра қарастырған. Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де белгілі бір міндеттерді талап еткен. Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алған емес", - деп Шымқаланың орталық мешітінде өткен уағызда осы тақырыпқа кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ, осы күні наиб мүфти Шымкент қаласының әкімі, ұлтжанды, елжанды азамат Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов мырзамен жүздесіп, әңгіме барысында қаладағы діни тұрақтылыққа, асыл дініміздің дамуына қосып жатқан үлесі үшін, соның ішінде қалалық "Абдул Хамид Қаттани" мешітінің күрделі жөндеу жұмыстарына қосқан үлесі үшін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы атынан ризашылығын білдірді.

77a1496b 03ec 427d 9f4e acb2172cc861

c1f37735 6f89 4129 a52f 9d169c5ae32f

7be1bdba 7c94 48ef b57d eef1c5570d77

"Нұр Астана" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: