29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ: Футболдан республикалық турнир өтті

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен футболдан «Ұлы дала жастары» атты республикалық турнир өтті. «Astana arena» спорт кешенінде өткен сайысқа алдын ала іріктеуден өткен командалар бақ сынасты.

Достық кездесуде бас жүлдені «Жастар» командасы иеленсе, екінші орынды «Қызылжар» командасы қанжығасына байлады. Ал, «Ертіс тарландары» құрамасы үшінші орыннан  көрініп, барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды. Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Бұл достық кездесу. Осы сайысқа қатысып, бақ сынаған барлық құрамаларға алғыс айтамыз. Алла Тағала сіздерге екі дүниенің игілігін нәсіп етсін! Денсаулыққа көңіл бөліңіздер. Себебі, ол біздер үшін аманат», - деп атап өтті.

348A4042 Копировать Копировать

348A4045 Копировать Копировать

348A4028 Копировать Копировать

348A4040 Копировать Копировать

348A4012 Копировать Копировать

348A4068 Копировать Копировать

348A4197 Копировать Копировать

348A4280 Копировать Копировать

348A4309 Копировать Копировать

348A4301 Копировать Копировать

348A3970 Копировать Копировать

ummet.kz

Бөлісу: