20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алматыда тазалықшы әйел 5 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде ұмыт қалдырылған 5 миллион теңге салынған сөмкені тазалықшы әйел иесіне қайтарып берді.

fec94e060be9407977206fd9caa4ca18

«Мен көлігімді досыма саттым, сонан соң келісімді атап өту үшін суши-дәмханаға бардық. Ақшаны банкке салуды ойладым, сол себепті 5 миллион теңгені өзіммен бірге сөмкемде алып жүрдім. Дәмханадан соң үйге келдім, сөмкені отырған жерде қалдырып кетіппін»,– дейді алматылық Темірлан. Осы сәтте дәмханада қалған сөмкені Бақыт есімді тазалықшы әйел тауып алған. Сөмке ішіндегі ақшадан бөлек ол Темірланның телефон нөмірін тауып, дереу қоңырау шалған. Әп-сәтте миллиондарын жоғалтып абдырап қалған жігіт тездетіп дәмхана келеді. Осындай ізгілікке риза болған Темірлан Бахытқа 100 мың теңгені сыйға берді. 

ummet.kz

Бөлісу: