29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

"Әл-Мәдина" мешітінде Құран жарысы өтті

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, "Әл-Мәдина" мешіті және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жамағат арасында Құран жарысы өтті. Сайысқа ауданға қарасты  мешіттерден барлығы 30-ға жуық шәкірт қатысты. Олардың ішінде, ең кішісі – 5 жасар болашақ қариларға дейін болды.

Білім додасына Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Есмағанбет, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы доктор Сайд Хасан Хусейн, Алматы қаласы Орталық мешітінің азаншысы Серік қари Полатханұлы төрелік қылды. 

IMG 5011

Жарыс екі бөлім бойынша өтті. І бөлім 30-шы пара бойынша «Нәбә» мен «Нас» сүрелері аралығында болып, сайыскерлер екінші бөлімге іріктелді.

Ал ІІ бөлімде іріктеуден өткен сайыскерлер І, ІІ және ІІІ орынға таласты. Сайыс барысында қатысушылардың қырағатына, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне мән берілді.

IMG 4853

IMG 4934

Нәтижесінде, Құранның 30-шы парасын толық жаттап, сайысқа түскендердің ішінен  "Әмин" мешітінің шәкірті Сейітқасым Ерқанат Серікұлының айы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Ал одан кейінгі ІІ орынды «Али-Мұхаммед» мешітінің жамағатынан Смайлов Ильзат иеленді. ІІІ орынға "Әмин" мешітінің шәкірті Сейітқасымова Жанель Серікқызы лайық деп танылды. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сертификаттар табыс етілді. Сайыс  бойынша І орынға – 50 000 теңге, ІІ орынға – 30 000 теңге, ал ІІІ орынға – 20 000 теңге тағайындалды. Бұдан бөлек сайыскерлердің бәрі ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

IMG 5073

IMG 5101

Қатысушыларға ҚМДБ пәтуә бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқанұлы Құран Кәрім сыйлап, естелік ретінде жайнамаз, тасбих, тақия салынған сыйлық дорбашалары үлестірілді.

Сайыс соңында қатысушылар мен жамағатқа мешіт асханасында ақ дастарқан жайылып, ас берілді. Құран оқылып, марқұмдарға дұға жасалды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: