26
Жұма,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти Астанада имамдар орталығында дәріс берді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласы «Әлжан ана мешіті» жанындағы имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру республикалық орталығында оқып жатқан дін қызметкерлеріне дәріс берді.

Наиб мүфти ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасының мәні мен маңызын, мақсаты мен бағытын жан-жақты түсіндіріп өтті.

IMG 9837

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда мүфтияттың діни кадр дайындау саласы бойынша маңызды жұмыс бағыттарының бірі – ХХІ ғасырдың талабына лайықты имамдар корпусын қалыптастыру. Барша дін қызметкерлері Бас мүфтиіміз бекіткен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасының талап деңгейінен көрінуі тиіс. Өздеріңізді оқытып жатқан 2 айлық курстың мақсаты да осы. Сондықтан, осынау мүмкіндікті тиімді пайдаланып, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді шыңдап алуға тырысыңыздар», – деп атап өтті наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Дәріс соңы сұрақтарға ұласты. Наиб мүфти дін қызметкерлерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

IMG 9824

IMG 9849

IMG 9843

ummet.kz

Бөлісу: