18
Дс, Желт
15 Жаңа

ҚМДБ: Облыстың бас имамдары жылдық есеп берді

Ел іші
Шрифт

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен облыс имамдарының жылдық есеп беру жиыны өтті.

Облыстың бас имамдары ҚМДБ төрағасы мен Орталық аппарат қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстары, қайырымдылық іс-шаралар, діни сауат ашу курстары, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға түсіндіру шаралары, қажылық, халал стандарттау, жат ағымның арбауына кеткен жандарға үгіт-насихат жүргізу, баспасөз және ғаламтор, мешіт тазалығы, жөндеу-құрылыс жұмыстары, жастарды медресе мен университетте оқыту шаралары, имамдарды аттестациядан өткізу, көшпелі семинарлар, қоғамдық, рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, т.б.  бағыттар бойынша есеп беруде. 2017 жылы атқарылған іс-шаралардың есебі бейнеролик негізінде көрсетілуде.

IMG 20171202 WA0008

«Мүфтият 2017 жылды табысты аяқтады деп айтуға болады. Діни басқарманың жұмысын жетілдіру мақсатында діни кадрлық өзгерістер орын алды. Жаңа бөлімдер аштық. Насихат жұмыстары мен қоғаммен байланыс шараларына серпін беріп келеміз. Қайырымдылық жұмыстары тұрақты жүзеге асып келеді. Діни мерекелерді ұлттық нақышта өткізу дәстүрге айналды. Осынау жұмыстарды тиянақты орындап келе жатқан имамдарға алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жылдық есеп беру кездесуіне облыстағы бас имамдардан бөлек Діни басқарманың қызметкерлері де қатысуда. Есеп беру жиыны ертең де жалғасын табады.

Photo 1512193917 11768

Photo 1512193941 71236

IMG 20171202 WA0007

Photo 1512193937 66133

Photo 1512193945 47083

ummet.kz

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS
e-max.it: your social media marketing partner
E-mail таратылымға жазылып, ислам жаңалықтарын бірінші болып оқыңыз.