20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ақтөбелік кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

Ел іші
Жарнама

Мұнда күніне 300-дей адам ас іше алады. Студенттік билетпен тегін берілетін ас мәзірінде сорпа, макарон, нан, шай мен қант бар. Бір студент бірнеше рет келіп жүрек жалғауына да болады.

Аспаздар күніне екі рет ыстық тағам әзірлейді. Жатақханада тұратын студенттер таңғы асты да осы жерден ішіп жүр. Асхана студенттер үшін өте қолайлы жерде орналасқан. Оның айналасында 3 бірдей ірі оқу орны бар.

Тегін тамақтан бөлек мұнда түрлі тәттілер мен ыстық бәліштер сатылады. Ақылы тағамдардың бағасы да арзан.

20171118164940

Сондай-ақ, кәсіпкер әр сенбі сайын студенттерге арнап тегін шеберлік сағатын өткізеді. Мұнда әр саланың білікті мамандары келіп, дәріс оқиды. Ақтөбеге жан-жақтан келіп, оқып жүрген студенттерді қамқорлығына алған кәсіпкер қайырымдылық шараларын да жиі өткізіп тұрады.

"Біз таңертеңнен кешке дейін оқуда болғандықтан, тегін ас ішу бізге ыңғайлы. Және бұл жерге кез келген уақытта келуге болады. Жатақханада тұрғандарға да жақсы. Жалпы барлық студенттерге ыңғайлы асхана деп санаймын. Кәсіпкерлердің бұл істегені – игі іс», – дейді М. Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің студенті Нұрбек Бақсиық.

«Студенттердің көбісі сырттан келген. Сондықтан күнде тамақ алып, оған ақша жұмсау артық шығын болады. Осы жерде барлығы қолжетімді. Тегін іше алады. Ал басқа тамақтар алса, олар да қымбат емес», – дейді кәсіпкер Гүлжан Байжарқынова.

ummet.kz

Бөлісу: