21
Жексенбі, Қазан

һижри

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті студенттерге тегін жатақхана салып берді

Ел іші
Шрифт

Бұған дейін бір жыл бұрын студент жігіттерге арналған жатақхана ашылған. Онда жоғары оқу орындарының  күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері тұрып жатыр. Осы екі ғимараттың да электр, су және тағы да басқа да барлық коммуналдық төлемдерін есімін жария етуден бас тартқан кәсіпкер төлеп отыр.

Екі қабатты ғимарат өткен жылы іске қосылған ұлдарға арналған жатақхана маңында орналасқан. Осы екі ғимараттың да электр, қуат, суы және тағы да басқа да барлық коммуналдық төлемдерін есімін жария етпей отырған кәсіпкер өзі төлеп отыр.

Жатақханада тұру тегін, барлық жағдай жасалған, тегін азық- түлікпен де көмектесіп тұрады. «Жатақхананы ашудағы ең негізгі мақсат-студенттерді тұратын жермен қамтамасыз ету, адамгершілікке, мəдениеттілікке, қазақ халқының салт-дəстүрін жəне де отанға деген сүйіспеншілікке, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету», – дейді ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкілі Нариман қажы Исенов.

news image 12772

Қыздар жатақханасындағы студенттер сабақтан бос уақыттарында «Мəшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Кажуева Жұлдызбен қол өнер шығармашылығы жəне де ас дайындау, сонымен қатар спорттық іс-шаралармен айналысады. 30 адамға арналған қыздар жатақханасында қазіргі таңда 24 қыз тұрып жатыр. Ал 60 ер адамға арналған бөлмелерде 20-ға жуық жігіттер тұрады.

Тегін жатақханада тұрып жатқан жастардың басым бөлігі жағдайы төмен отбасылардың балалары. Сондықтан олар үшін бұл үлкен көмек  екенін айтады. «Біз бұрын пәтерді жалдап тұратынбыз, бүл оңай емес болды. Бөлмелеріміз кең, барлығы тамаша ұйымдастырылған, барлық қыздарға мұнда өте ұнайды. Бізге осындай қамқорлық жасап отырған ағаларымызға Алла разы болсын. Енді жақсы оқып, олардың сенімдерін ақтауға тырысамыз», – дейді Гүлнар есімді қыз.

6jTAmCmd6i4

Жұлдыз ұстаз қыздармен әйел адамның отбасындағы міндеттері туралы, ата-анамен, киеуімен, балаларымен қарым-қатынасты құру туралы түрлі тренинг, семинарлар ұйымдастырады. Ұстаздың айтуынша, үш айдың өзінде-ақ қыздардға беріп жатқан тәрбиенің пайдасы білніп тұр. Ұстаз тәрбиенушілер арасында Наурыз мерекесін ұлттық нақышта өткізуді, қазақтың үлгі тұтарлық апайларымен кездесулерді, ұлттық қол өнерін меңгеру сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетерлік жайт, баспанаға мұқтаж студенттерге арналған бұл тегін жатақхана Қазахстан бойынша алғаш рет ашылып отыр. Мұнда тек қана баспана берілмей, жастармен тәрбие жұмысы, соның ішінде спорттық, мәдени іс-шаралар үздіксіз жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ұлдарға арналған жатақханада екі ұстаз жұмыс істейді. «Біздің мешіттіңжамағаты болған кәсіпкердің игі ісі басқа да адамдарға үлгі бола алады. Ағамыздың жасап отырған жағдайының арқасында жастарға қазақи тәрбиесін беріп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндікке ие боп отырмыз. Өйткені келер ұрпаққа қалдыратын ең құнды байлығымыз – ол жақсы тәрбие», - дейді Нариман қажы Исенов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыздарға тәрбие беру бағдарламасы бір жылға қарастырылған. Курс соңында қыздар қазақи ұлттық салт-дәстүрлерін, қыз әдебін білу деңгейіне қатысты емтихан тапсырады. Ал келесі жылы басқа қыздарға да тегін баспанада тұрып, қазақи тәрбие алуға мүмкіндік беріледі.

ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша