19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имамдар тағайындалды

Ел іші
Жарнама

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа тағайындаулар орын алды. Еліміздің бас мешітіндегі наиб имам қызметіне Нұрлан Рамазан мен Марат Бектазинов қабылданды.

ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазына жиылған жамағатқа қос қызметкерді таныстырып өтті. «Нұр Астана» орталық мешітінде бас имам болып қызмет еткен жылдары осы екі имамның ерекше қабілеті мен жұмыс қарқынына куә болғанын айтып, жылы лебізін жеткізді.

9046c46047eb559173498b2ba90c677d

Рамазанов Нұрлан Бекболатұлы  2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан «Даруль-арқам» Құран жаттау қарилық медресесінде сауат ашқан. 2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде білімін жетілдіреді. 2005-2009 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін тамамдаған.

Сондай-ақ, Сирияның Дамаск қаласындағы «Фатхул ислам» институтының курсында; Египет астанасы  Каир қаласы «Әл-Әзһар» университетіне қарасты  имамдардың білім жетілдіру курсында; «Нил» араб тілі орталығында; Египет Александрия қаласында Уақыф және Ислам істері министірлігіне қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» орталығында діни білімін жетілдірген.

2009-2011 ж.ж. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;
2011-2013 ж.ж. Атырау облысы Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы;

2013-2014 ж.ж. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы болды.

2014 жылдан бастап «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

Бектазинов Марат Дәлелханұлы Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде, «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінде білім алған.

2000-2003 ж.ж. Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;

2003-2005 ж.ж. Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;
2006-2009 ж.ж. Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;

2009-2011 ж.ж. Қарағанды облыстық №1 орталық мешітінің ұстазы;
2009-2011 ж.ж. Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасында діни редакторы және жүргізушісі;

2011-2013 жылдар қажылық компаниясының менеджері;
2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;
2013-2016 ж.ж. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;
2014-2016 ж.ж. «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;
2016 жылдың наурыз айынан бастап «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған.

4a3bf11aa7c1b4a4b13a58fe7b3eb157

6c2f70ad78639f97630d6c20a91e5b6f

1b5f19132c2a4f8ac645d1b0cdc1bccd

ummet.kz

Бөлісу: