26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Үммет жастары» қайырымдылық тобы 50 отбасыға азық-түлік таратты

Ел іші
Жарнама

Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы мақсатта Маңғыстау облысындағы «Үммет жастары» қайырымдылық тобы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.

Маңғыстау облысы прокуратурасының «Қоғам – сенің қорғаның» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында Мұнайлы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында Маңғыстау облысы «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және мешіт жанынан құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық қорымен бірлесіп Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданында тұратын жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік және үй тұрмысына қажетті заттар таратылды.

26230153 513490805701636 5815922538493835599 n

26196072 513490639034986 4528307325461101668 n

26166982 513490899034960 8344100469364406451 n

26167358 513490362368347 8688928257101385296 n

ummet.kz

Бөлісу: