19
Бейсенбі, Шілде

һижри

«Нұр Астана» орталық мешітіне наиб имам тағайындалды

Ел іші
Шрифт

Осыған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін абыроймен атқарып келген Мәмбетов Ербол Абдуахитұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имам ықызметіне тағайындалды. Наиб имамды жұма уағызынынан кейін орталық мешіттің бас имамы Асқар Мұқанов жамағатқа кеңінен таныстырды.

IMG 1308

Мәмбетов Ербол Абдуахитұлы  – 1981 жылы 14-қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Шыршық қаласында дүниеге келген. Отбасылы, 5 баласы бар.

БІЛІМІ:

* 1986-1997 жылдары аралығында ОҚО Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылындағы «Комсомол» орта мектебін бітірген.

* 1997-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы медреседе діни тәлім алған.

* 1998-2002 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің «Дінтану және араб тілі» мамандығын тәмамдаған.

* 2002-2003 жылдары Шымкент қаласындағы «Қамар» қайырымдылық мекемесінде тәрбиеші қызметін атқарған.

* 2003-2005 жылдары Алматы қаласы «Таугүл» пансионатында оқyын жалғастырады.

* 2005-2006 жылдары Түркияның Стамбул қаласындағы «Осман қазы» Құран курсын тәмамдаған.

 ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2006-2008 жылдары Астана қаласындағы «Жамбыл Жабаев» атындағы №4 гимназия мектебінде араб тілі мұғалімі болып қызмет еткен.

* 2008-2009 жылдары Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылындағы «Қабанбай батыр» мешітінің көмекші молдасы қызметін атқарған.

* 2009 жылы Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып қызмет еткен.

* 2013 жылдың қараша айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

IMG 1299

 IMG 1307

IMG 1296

ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша