29
Жұма,
Наурыз

һижри

Астана мешіттері тегін такси қызметін ұсынады

Ел іші
Жарнама

Астанада мешіттері қатты аязға байланысты «Астана – мейрімді қала» акциясын бастады. Олар қала тұрғындарына тегін такси қызметін ұсынады.

Биыл Астананың 8 мешіті бірігіп, ауқымды қайырымдылық шарасын атқарғалы отыр. Көлікке мұқтаж жандарға тегін такси қызметін ұсынған Астана мешіттері игі шараны бастағалы бүгін екінші күн. Қазіргі уақытта қала ішінде 25 көлік қала тұрғындарына тегін қызмет атқарып келеді.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясына кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Тек ескере кететін жәйт, мұнда жолаушының қауіпсіздігіне баса мән беріледі. Алдымен тілек білдірген жүргізуші орталық мешітке келуі керек. Оның көлігінің жай-күйі, жүргізуші куәлігі тексеріледі, телефон нөмірі мен аты-жөні, мекен-жайы алынады. Және жолаушының қауіпсіздігі туралы бірқатар ережелерді түсіндіріледі. Содан кейін ғана мешіт атынан қайырымдылық шарасына қатысуы мақұлданады.

Тегін такси қызметі Астана қаласы бойынша аптаның соңында дейін жалғасады деп күтілуде.

IMG 2199

IMG 2299

IMG 2308

IMG 2211

ummet.kz

Бөлісу: